Мәскеу маңында Қазақстаннан келген көліктен үш ер адамның мәйіті табылды

/uploads/thumbnail/20180225113611774_small.jpg

Мәскеу облысының Чехов ауданындағы ауылдардың бірінде көліктен үш ер адамның мәйіті табылды,- деп жазады ТАСС. 

 «Чехов ауданының Новоселка ауылында көліктен үш ер адамның мәйіті табылды. Өлімнің себебі анықталып жатыр»,-деп хабарлады шұғыл жағдай қызметінің өкілі.

 РФ ІІМ Мәскеу облысы бойынша баспасөз қызметі ер адамдардың денелерінің табылуы туралы фактіні растады.

 Осы оқиға бойынша тергеу комитеті тексеру жұмыстарын бастады.

«Мәйіттер табылған көлік Қазақстаннан келген»,- деп хабарлады Тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша бас басқармасы жетекшісінің көмекшісі Ольга Врадий

Врадийдің айтуынша,  Новоселка ауданында  тұрған фургоннан үш азаматтың мәйіті табылған және олардың денелерінде күштеп өлтірудің белгілері болмаған.

 Көліктен мерт болған азаматтар пайдаланған газды жылытқыш табылған. Олар газдан уланып қалуы мүмкін, алайда олардың өлімінің нақты себебі арнайы сараптаулардан соң белгілі болады.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи