Үндістанда жас жұбайлар тойдан кейін бомбаға ұшты. Белгісіз біреу той сыйлығының ішіне бомба салып қойған. Бұл туралы NDTV жазды.
Оқиға Одиша штатында болған. Той өткеннен кейін жас жұбайлар тойға келген сыйлықтарды ашып отырған.
Оқиға орнында ер адамның әжесі қайтыс болған. Ал ерлі-зайыптылар ауруханаға жеткізілген.
Полиция қызметкерлері бомбаны кімнің салып қойғанын анықтап жатыр.
Оставить комментарий