Алматы-Бішкек тасжолында жанып жатқан автомобильді куәгерлер видеоға түсіріп алған.
«Алматы-Бішкек тасжолы, көліктердің соқтығысынан бір көлік түгелдей жанып кеткен. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр, зардап шеккендер жайлы ақпарат анықталған жоқ», - делінген әлеуметтік желіде таралған видео мазмұнында.
Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 26 ақпанда таңғы сағат 8-де Жамбыл облысы Отар ауылы маңында болды. Екі көлік соқтығысып, соның салдарынан екі адам қаза тапқан. Олар өртенген көліктің ішінде болуы мүмкін.