Оралда құсбе­гілердің «Қансонар – 2018» республикалық турнирі өтті

/uploads/thumbnail/20180227143737638_small.jpg

Орал қаласында алғаш рет құсбе­гілердің «Қансонар – 2018» республикалық турнирі өтті. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

БҚО

– Қадірменді оралдықтар, қала қонақтары, ұлттық спорт жанашырлары, бабаларымыздан асыл мұра болып жеткен құсбегілік өнердің Ақ Жайық өңірінде алғаш рет өткелі тұрған сайысы құтты болсын! Жаһандану дәуірінде салт-дәстүріміз бен ұлттық кодымыздың сақталып қалуына әсерін тигізетін ұлттық нақыштағы спорт түрлерін жаңғырту – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған негізгі бағыттардың бірі. Сондықтан спорттың бұл түрін өңірімізде жүйелі түрде дамытуға бел буып отырмыз. Халқымыз әрқашан ауызбірлікте болып, ұлттық дәстүріміз жаңғыра берсін, ағайын! – деді турнирдің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов.

БҚО

Ортағасырлық Жайық қалашығы маңында сенбі күні басталып, екі күнге созылған шараны тамашалаушылардың қарасы мол болды. Олардың қатарында  жергілікті жұртшылықтан бөлек Ресейдің көршілес облыстарынан келген туристер де бар.

БҚО

— Дәл осындай турнир осыған дейін Маңғыстау, Атырау облыстарында өткен болатын. Енді бүгін Батыс Қазақстанда ұйымдастырылуын осы өңірде құсбегілік өнерді дамытудың бастамасы деп білеміз. Бүгінгі турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырып отырған Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атынан алғысымды білдіремін, — деді ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов.

БҚО

Турнирде Астана, Алматы қалаларының, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысының құсбегілері өнер көрсетті.

БҚО

Турнирдің алғашқы күнінде барлығы 16 қыран сынға түсті. Екі күн бойы бақ сынасқан бүркітшілер  арасында бас жүлдені алған атыраулық бүркітші Арман Қошқаров алды. Жамбыл облысынан келген Бақдәулет Бабабажанов екінші орыннан көрінсе, Ақмола облысынан келген Бергенбай Тастанбек және астаналық Серікбек Күнтуған үшінші орынды тең бөлісті.

БҚО

БҚО

БҚО

БҚО

Связанные Статьи