Алдағы күндері республикадағы ауа температурасы 3...8°С дейін климаттық нормадан жоғары болады.
Шығыс Қазақстан облысында 28 ақпанда күндіз ауа температурасы +50C-қа дейін жоғарылайды. Қар еріп, судың өзен арнасына шығуы мүмкін.
1, 2 наурызда ауа райы температурасы түнде -20-250C, күндіз -15-200C-қа дейін төмендеуі мүмкін. Кей жерлерде қатты қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында жел 23-28 м/с-қа күшейеді.
Қарағанды облысы бойынша 28 ақпан күндіз ауа температурасы +30C-қа дейін жоғарылайды, жауын-жашын күтіледі.
1-2 наурызда ауа райы температурасы түнде -17-250C, күндіз -13-280C -қа дейін төмендеуі күтіледі, кей жерлерде қар жаууы мүмкін.
1 наурыздан бастап арктикалық ауа солтүстік өңірлерге қарай жылжып, 2 наурызда Қазақстанның қалған бөлігін қамтиды. Түнде ауа температурасы қайта -20-30°C дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста -10-20 °C, қиыр оңтүстікте -3-10 ° C-қа дейін төмендеуі болжанады, бұл 2...5°C климаттық нормадан төмен екенін көрсетеді.
Республиканың басым бөлігінде қар жауады, боран күтіледі, желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді, оңтүстік бөлігінде тұман мен көктайғақ болады.
3 наурызда солтүстік ағындар қайта батыс ағындарға ауысады, бұл ауа температурасының көтерілуіне алып келеді.