Синоптиктер екі облыстағы елді мекенді су басуы мүмкін екенін ескертті

/uploads/thumbnail/20170725095205290_small.jpg

Синоптиктер 2 наурызда Жамбыл мен Алматы облыстарында жауын-шашын болып, су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Жамбыл және Алматы облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Осының әсерінен қар еріп, таулы өзендер мен жазық аумақта еріген қар суы жиналуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, елді мекендерді су басуы ықтимал», — делінген хабарламада.  

Естеріңізге салып өтсек, Алматы облысының бес ауданы мен Талдықорған қаласындағы үйлерді бірнеше күннен бері еріген қар суы басып жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи