Талдықорғанда көктемгі әскерге шақыру мәселесі талқыланды

/uploads/thumbnail/20180207185442269_small.jpg

 

Алматы облысында көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқанына қызу дайындық жүріп жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Осыған орай, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләзат Тұрлашовтың қатысуымен Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде шақыру және медицина комиссиясының төрағалары, жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары, ҰҚКД, ІІД, сондай-ақ Талдықорған гарнизоны әскери бөлімдері өкілдерінің қатысуымен нұсқаулық-әдістемелік жиын өткізілді. Жиынның басты тақырыбы – 2017 жылғы мерзімді әскерге шақыруды қорытындылау, 2018 жылғы көктемгі шақырудың міндеттері мен талаптарын талқылау.  

Әр құрылымдық бөлімдердің өкілдері өз саласына қатысты тақырыпта баяндама жасап, мерзімді әскерге шақыруда орын алатын келелі мәселелер мен оларды шешу жолдарымен бөліседі.

Сонымен қатар, Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы мен бөлім бастықтары мерзімді әскер қатарына шақыруға даярлықтары, жүргізілген жұмыстары мен жоспарлары бойынша тыңдалады.

Өз кезегінде Қорғаныс істері жөніндегі депаратментінің бастығы полковник Бердібек Берістемов шақыру міндеті жүктелген мамандардың жауапкершілігін ерекше атап өтті.

  • Әскерге шақыру жұмыстарын сапалы жүргізуді басты назарда ұстау қажет. Әскер қатарына қабылданатын азаматтардың денсаулығы мығым, физикалық дайындығы күшті, әрі ерік-жігері мықты болуы қатаң қадағалансын, - деп ойын түйіндеді ол.

Айта кетерлігі, биыл тұңғыш рет жылжымалы шақыру комиссиясы Алматы облысына қарасты қалалар мен аудандарда жұмыс жүргізді. Комиссия құрамына жергілікті әскери басқару органдарының, әкімшіліктің, денсаулық сақтау саласының, құрылымдық күштердің өкілдері кіреді. Көктемгі әскерге шақыру науқанын сапалы, әрі уақтылы орындау мақсатында аталған комиссия әр шақырылушыны жеке дара қарастырып, алған білімін, отбасы жағдайын ескере отырып, денсаулығының жарамдылығын басты назарда ұстап, оны әскер қатарына қабылдау-қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

Көктемгі мерзімді әскери қызметке қабылдау науқаны 2018 жылғы маусым айының соңына дейін жүргізіледі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи