Орыс тіліне ешкім шектеу қойған жоқ, қоймайтын да шығар – Дариға Назарбаева

/uploads/thumbnail/20171123150214169_small.jpg

ҚР Парламенті Сенатының отырысында Дариға Назарбаева депутаттық сауалын не себепті орыс тілінде жолдағанын түсіндірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

–Орыс тіліне ешкім шектеу қойған жоқ. Президенттің тапсырмасын орындауға бәріміз де тырысамыз. Ал енді орыс тіліне ешкім әлі шектеу қойған жоқ, қоймайтын да шығар. Енді өзге тұрғындарымызды да сыйлау керекпіз. Ұлтаралық келісім мен достыққа ешкім шектеу қойған жоқ. Қазақстан территориясында бар, мемлекеттік органдар жұмыс істейтін тілдер Конституциямен бекітілген, – деді Дариға Назарбаева.

Айта кетейік, 26 ақпанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевты қабылдауы барысында Үкімет пен Парламент тек мемлекеттік тілде қызмет көрсетуі тиіс екенін ескерткен.

Ал келесі күні үкімет отырысы қазақ тілінде өтті. Алайда Дәурен Абаев сол күні Елбасының «тек» деген сөзді айтпағанын, орыс тіліне ешкімнің шектеу қоймағанын мәлімдеген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи