Палата отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сауалына қазақ тілінде мардымды жауап бере алмады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сүлейменовтің жауабына көңілі толмаған Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев министрден жауапты жазбаша түрде дайындауын талап етті.
Министрдің жауап берген сәтінің видеосын Сенат баспасөз қызметінің жетекшісі Әділбек Қаба өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.
Айта кетейік, 26 ақпанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевты қабылдауы барысында Үкімет пен Парламент тек мемлекеттік тілде қызмет көрсетуі тиіс екенін ескерткен.
Келесі күні-ақ үкімет отырысы бастаған жиындар тек мемлекетті тілде өтіп жатыр. Сәрсенбі күні өткен Парламент отырысында Данияр Ақышевтың да басынан дәл осындай жағдай өткен. БАҚ өкілдері мен жиынға қатысушылардың алдында Ұлттық банк төрағасы депутаттың сауалына қазақ тілінде жауап бере алмай мүдіріп қалған.
Оставить комментарий