Сатирик Үмбетбай Уайдин өмірден өтті

/uploads/thumbnail/20180301155429963_small.jpg

Жазушы, журналист, фельетоншы Уайдин Үмбетбай Уайдаұлы өмірден озды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Үмбетбай Уайдин 1935 жылы 10-шы қазанда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы "Темірбастау" ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген. 

1954-1958 жылдар аралығында Донбастағы Красный Луч қаласында шахта құрылысшысы болған.

1958 ж. Шалқар ауданы газеті редакциясы жанындағы баспаханада әріп теруші болып жұмыс істеген. 1959 жылдан қазақ радиосы, "Ара" журналы, "Өнер" баспасы, Қазақстан кітапқұмарлар қоғамы мен Жазушылар одағында әртүрлі қызмет атқарған.

Уайдиннің "Қара көзілдірік" (1968), "Құрдым шиыр" (1971), "Ендігісін айтпаймын" (1974),"Ішің білсін"(1976),"Контейнермен келген кемпір" (1978), "Тілсіз қоңырау" (1980), "Быды-быды" (1982), "Нанайын ба, нанбайын ба?" (1984), "Инабат иірімдері" (1985), "Мәселе қайда жатыр?" (1987), "Пәлен-пәштуан" (1992), "Мәңгілік мәселе" (1993) кітаптары жарық көрген. Шығармалары орыс, украин, қырғыз, қарақалпақ, тува тілдеріне аударылған. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи