Астанада ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды

/uploads/thumbnail/20180130084442597_small.jpg

6-7 наурызда Астанада дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында 6-7 наурызда жауын-шашын болып,  көктайғақ күтілуде. Жел екпіні —15-20 м/с,  7 наурызда желдің екпіні 25 м/с-ге жетеді деп күтіледі.

6-7 наурызда Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз 6 наурызда кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, тұман болады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90%.

Оставить комментарий

Связанные Статьи