Алматыдағы «Жетісу» базарындағы контейнерлер өртенді, деп хабарлайды, Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитінің мәліметінше, Түркісіб ауданында базардан өрт шыққаны туралы ақпарат сағат 13.15-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына он минуттан кейін келді.
Мәлім болғандай, зат тұрған үш контейнер өртенген.
Тілсіз жаудан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оставить комментарий