Семейде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйлер салу үшін жер телімдері беріле бастады деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ауқымды жобаның алғашқы кезеңі Ақсай кентінде жүзеге асырылады. Қазір бұл аумаққа су мен жарық тартылып, жол салынып жатыр. Барлығы мыңнан астам жер телімі қарастырылған. Алдағы жылдары бұл шағын ауданда заманауи жаңа үлгідегі үйлер салынады. Жалпы қала халқының саны соңғы жылдары едәуір өсіп, 7 мыңға көбейген.
Оставить комментарий