Батыс Сібірге ауысқан циклон Қазақстан аумағы арқылы жылжиды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
6 наурызда күн жылы болса, 7-8 наурызда республиканың солтүстік бөлігінде қар, боран, көктайғақ, қатты жел күтіледі.
Оңтүстік облыстарда жауын-шашын, ылғалды қар, тұман, кей жерлерде 23-28 м/с дейін көтерілетін жел соғады. Қазақстанның оңтүстігінде дабылды ескерту жарияланды:
6 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі. Ал күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел күші 30 м/с болуы мүмкін.
6 наурызда Тараз қаласында қатты жел болады. Оңтүстік-батыс, батыс желінің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
6 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, таулы асуларда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Жел соғады. Оның күші кей жерлерде түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20,таулы асуларда 30 м/с болады деп күтіледі.
Бұған дейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланған.
5-7 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстарында жауын-жашын күтіледі. Осыған байланысты, су деңгейі көтерілуі мүмкін.
5-6 наурызда Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша күндізгі ауа температурасының 0+70C қысқа мерзімді жоғарылауы, жауын-шашынға байланысты жазық аумақта қардың еруі және еріген қар ағынының қалыптасуы күтіледі.
Оставить комментарий