Америкада көз жұмған студенттің соңғы күндері туралы досы айтып берді

/uploads/thumbnail/20180306091318876_small.png

Қазақ студентінің қапыдағы қазасы елдегі жолдастарына да ауыр соққы боп тиген. Лос-Анджелестегі болған оқиғаға қатысты олар марқұмның әлеуметтік желідегі парақшаларына жаппай көңіл білдіріп жатыр. Солардың бірі Дайырдың досы – Бекболат Төлегенұлы. КТК арнасымен тікелей эфирге шыққан Бекболат Төлегенұлы досының қандай себеппен қазақ тапқаны әлі белгісіз дейді.    

«Дайыр нағыз біртуар ұлдардың бірі болды. «Биоинженерия» мамандығы бойынша факультеттің ең үздік студенті еді. Көшпелі қазақ жұрты жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізетін. АҚШ, француз зерттеушілерінің деректерін орыс тіліне аударып, әлеуметтік желіде тарихқа қызығатын оқырмандарына арнап, қызықты жазбалар қалдырып отыратын. Кешегі хабар қабырғамызды қайыстырды. Енді қалай болады екен?», - деді досынан айырылғанына сенер-сенбесін білмеген Бекболат.

Айта кетейік, 23 жастағы Дайыр Сағдиев Лос-Анджелестегі Калифорния университетін бітіріп, биыл елге оралуы тиіс болған. Алайда қапыда қаза тапты. Студенттің өліміне нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Десек те америкалық БАҚ марқұмның биіктен құлап кеткенін жазды.

Қазір оқиғаның анық-қанығын Сыртқы істер министрлігі анықтап жатыр. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи