Оралдағы Өтемісов атындағы № 32 орта мектептің мұғалімі ҰБТ орталығында қайтыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя"-ға сілтеме жасап.
— Бітіруші сыныптың класс жетекшісі оқушыларын тестілеу орталығына апарған. Оқушылар тест тапсыруға дәрісханаға кіріп кеткенде сынып жетекші оқушыларын дәлізде күтіп отырған. 13.10 уақыт шамасында мұғалім өзін нашар сезінді. Біз жедел жәрдем шақырдық, алайда жедел жәрдем жедел болмай шықты. Олар жарты сағатта бірақ жетті. Дәрігерлер келгенде мұғалімнің қайтыс болғанын анықтады. Жедел жәрдем шақырған уақыт түскі үзіліске дәл келген еді. Дәрігер түскі аста болған. Нақты диагнозын білмейміз. Әйелдің қан қысымы жоғары болғаны белгілі, - деді тестілеу орталығының қызметкері.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы болған жағдайға қатысты кейінірек пікір білдіруге уәде берді.
Оставить комментарий