Бүгін «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің құрылғанына 14 жыл толды. Саясат, экономика, әлеумет, мәдениет және спорт тақырыбындағы өзекті мәселелерді жазатын газет аптасына 4 рет шығады.
«Айқын» газетінің алғашқы нөмірі 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. Басылымға 2004-2007 жылдар аралығында Серік Жанболат, 2007-2008 жылдар аралығында Бауыржан Омарұлы бас редактор болған. Қазір Нұртөре Жүсіп басқаратын газеттің таралымы – 40 000 данаға жуық.
Газет 2005 жылы Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иеленді. 2017 жылы «Үздік республикалық баспасөз басылымы» номинациясында «Үркер» ұлттық сыйлығымен марапатталды.
Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Айқын» газетінің ұжымын шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді.
Оставить комментарий