АҚШ-та Калифорния университетінде оқып жүріп көз жұмған студент Даир Сағдиев Қазақстан азаматы емес деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Сыртқы Істер министрлігіне сілтеме жасап.
«Марқұмның жеке мәліметтерін қарастыра келе оның қазақстандық емес екені белгілі болды. Оның әке-шешесі Мәскеуде тұрады»,-деп мәлімдеді ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ануар Жайнақов.
Айта кетейік, жақында Дайыр Сағдиев есімді АҚШ-та оқитын студент көз жұмды деген хабар таралған болатын. Ол Қазақстан азаматы деп мәлімделген.