Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

/uploads/thumbnail/20180310103148430_small.jpg

Қар еруіне байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 

Синоптиктердің мәліметінше, 10-12 наурызда ауа температурасының күндіз жылынуына байланысты және Шығыс Қазақстанның аласа таулы аймақтарында жауын-шашын түсуіне орай ағын су пайда болуы мүмкін.

«11-12 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары және Алматы қаласының аласа таулы аймақтарындағы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты су басу қаупі туындап, таудан және жергілікті өңірде ағын су жинақталуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар 10-11 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20-ге жетіп, ұйытқуы 23-28 м/с болады. 10 наурызда күндіз, 11 наурызда күні бойы облыстың оңтүстік-батысында желдің ұйытқуы 30 м/с-ге жетеді.  

Дауыл ықтималдығы 90%.

Связанные Статьи