Шаханов Оразалинді «Қоразалин», Оразалин Шахановты «Шакалов» деп атады

/uploads/thumbnail/20180311142730540_small.jpg

Құрылтайда сөз алған ақын Мұхтар Шаханов Нұрлан Оразалинді «Қоразалин» деп атады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

– Оразалин ұлттық мүддеге келгенда Қоразалин болды. Тауықәлин, Шөжалиннің деңгейінде самғады. Ол биліктегі басшылардың туфлиін шеберлікпен жалады. Оның еңбегі сол. Бұл да қазіргі заманда үлкен өнер,  - деді Мұхтар Шаханов. 

Ақын әдеттегідей өлең оқыды. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Оразалинді Қабдеш Жұмаділов те сынаған еді. 

Нұрлан Оразалин өзін сынағандарға жауап берді. 

– Жиналысқа келмей сырттан тон пішу өзін Жазушылар одағынан жоғары қоятын ұлылықтың ауруымен ауырған адамдардың ғана қолынан келетін нәрсе. Ұйқасты мен де сізге айтайын. Маған екі-үш жыл бұрын «Шаханов, Шакалов» деген хат келді. Сіздер елді сыйлаңыздар, ағайын. Менің әкемде, менің атамда, менің талантымда ешқайсыңыздың шаруаларыңыз болмасын. Осы менің екі ағама берген жауабым, - деді Нұрлан Оразалин. 

Связанные Статьи