Алматыда жатақханадан өрт шықты

/uploads/thumbnail/20180313083439360_small.jpg

Алматыда жатахқана өртеніп, ғимараттан 230 адам эвакуацияланды.

Алматы қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша,12 наурызда сағат 23:16-да Алматы қалалық ТЖД-ның «101» пультіне Бостандық ауданында Ғабдуллин көшесінің бойындағы жатақханада өрт шыққаны туралы қоңырау шалынған. 

«Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға болған жерге 6 минуттан соң 23:22-де келіп жетті. 4-ші жатақхананың 3 қабатындағы бөлмеден өрт шыққаны белгілі болды. Ғимараттан 230 адам эвакуацияланды. Өрт 18 шаршы метр аумақты шарпыған. Жалын өрт сөндірушілер келіп жеткенше сөндірілген», - деді Сандуғаш Баймұхамбетова.

Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ. 

Связанные Статьи