Астанада үйінді астынан әйел мен баланың мәйіті табылды (видео)

/uploads/thumbnail/20180313171203839_small.jpg

Астананың төтенше жағдайлар департаменті «Оңтүстік-Шығыс» шағын ауданындағы өрт кезінде адам шығыны болғанын хабарлады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегіне сүйеніп жазады.   

«1994 жылы туған қыз зардап шекті. Ол оң жіліншігін сындырып алған,  №1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Өрттен кейін үйінділерді қарау барысында әйел мен баланың мәйіті табылды», — деп хабарлады құтқарушылар. 

Өрттің себебі анықталып жатыр.  

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Оңтүстік-Шығыс» шағын ауданындағы үш қабатты коттедж өртенді.   

Связанные Статьи