Батыс өңірлерде күн жылынады деп хабарлайды Қазгидромет.
Биіктік антициклоны Қарағанды облысының үстінде тұр және онымен байланысты атмосфералық фронттар әлі де орталық, солтүстік және шығыс облыстарда қар басым болатын жауын-шашын, ал оңтүстікте соңы ылғалды қарға айналатын жаңбырды шақыруда.
16-17 наурызда солтүстік өңірлерде, 17-наурызда оңтүстікте жауын-шашын тоқтайды деп күтілуде, бірақ шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашын үш тәулікке созылады. Батыс облыстарда антициклонның шығысқа жылжуына қарай жауын-шашын болып, күн жылынады деп күтілуде. Егер өткен тәуліктерде түнгі ауа температурасы минус 20...28° дейін болса да, 16-наурызда 5-10 дейін аяз түсіп, кей жерлерде 0°С дейін жетеді.
Оставить комментарий