22 наурызда Өскеменде латын қарпінде жазудан жарыс өтеді. Бас жүлде – қазақтың қара домбырасы, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Латын графикасы – өркениет жазуы» атты акцияны облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырып отыр.
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін іс-шараның мақсаты –латын графикасындағы жаңа әліпбидің мән-маңызын көпшілікке таныстыру, тұрғындардың жаңа әліпбиге қызығушылығын арттыру. Акцияда жаңа әліпби негізінде жазу дағдысын қалыптастыруға арналған бірнеше кезеңнен тұратын ойындар ұйымдастырылады. Жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде – қазақтың қара домбырасы, – дейді ШҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдын Шаймарданов.
Оставить комментарий