Қазгидрометтің хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Тек батыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ,оңтүстікте дауыл, найзағай және бұршақ болуы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20, Павлодар облысының кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман болады. Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Оңтүстік Қазақстан облысында екпіні 23 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 17-22 м/с күшейеді.