Сүйіскен қыздардың видеосын ІІД тексеріп жатыр

/uploads/thumbnail/20180330092429709_small.jpg

Құқық қорғау органдары мессенджерлерде кәмелетке толмаған қыздардың қатысуымен түсірілген видеоның  таралу фактісіне қатысты тексеру жүргізіп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Казинформ»-ға сілтеме беріп.

"WhatsApp мессенджері арқылы таралған видеоролікті Астана қаласының ІІД тексеріп жатыр. Тексеру нәтижелері қосымша хабарланатын болады",-деді Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев

Оқиғаға қатысты Зағипа Балиева да пікір білдірді. Тексеру жүргізіліп, қыздардың аты-жөні анықталған соң, З.Балиева жеке өзі қыздармен кездесіп, сөйлесетінін жеткізді. Депутаттың айтуынша, баланың мұндай ерсі қылық көрсетуі ата-анасының қараусыздығынан.

 

 

Связанные Статьи