Шымкентте балмұздақтан 23 адам уланды

/uploads/thumbnail/20180330145431098_small.jpg

Шымкентте балмұздақтан 23 адам уланды. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына соңғы екі тәулікте 23 адам аталған диагнозбен шағымданып, стационарлық ем қабылдап жатыр. 28 наурыз күні 3 адам, 29 наурыз күні 20 адам шағымданған. Бұл жайында Отырар жаңалықтары жазды.

Балмұздақтан уланғандардың жас шамалары 5  пен 18 жас арасы. Уланғандардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олар 5-6 жастағы екі бүлдіршін мен 17-18 жас шамасындағы екі жасөспірім.

Барлығының диагнозы — өткір ішек инфекциясы. Ата - аналардың сөзіне қарағанда балмұздақ сататын дүңгіршек «Мороженое Южное» деп аталады. «Қиял әлемі» саябағының маңында орналасқан. Кейбір мәліметтерге сәйкес, бұл дүңгіршек бүгінде жабық тұр. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи