Оралда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа мектеп ашылды

/uploads/thumbnail/20180402173020827_small.jpg

Жаңа №48 мектеп  Деркөл кентінің «Көкжиек» шағын ауданында орналасқан. 600 оқушыға арналған білім беру нысанының құрылысы 2016 жылдың қараша айында басталған еді. Жаңа мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

- Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған жаңа мектеп – көптен күткен қуаныш. Бұл жыл басынан бері пайдалануға берілген екінші мектеп. Алдағы уақытта тек облыс орталығында емес, Бөкей Ордасы, Зеленов, Ақжайық, Теректі аудандарында мектептер саламыз. Елбасы білім саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Облыс бойынша бұл саладағы бюджет соңғы үш жылда 20 млрд. теңгеге көбейді. Биылғы жылға да ауқымды жоспарларымыз бар. Мұғалімдер жағдайына да мемлекет басшысы баса назар аударуда. Осы орайда жаңа форматқа оқуға көшкен мұғалімдердің жалақысы көбейетін болады. Оған қазір республикадан тиісті қаражат күтіп отырмыз. Бастысы жыл сайын бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін оқушылар №12 мектепте оқыды. Орын болмады. Енді бұл шағынауданның оқушылары өз мектебінде оқитын болады. Бұл ауданға су берілді, газ келді,  жол да жақсарып келеді. Бұның бәрі - экономикамыздың дамуының көрсеткіші, - деді А.Көлгінов.

Мектеп

Жалпы аумағы 8,5 мың шаршы метр мектеп ғимаратында 56 кабинет бар. Сонымен қатар 25 оқырманға кітапхана, 2 шеберхана, барлық құралдарымен жабдықталған спорт залы, 200 орындық мәжіліс залы, радиоторап кабинеті, 130 орынға арналған мектеп асханасы салынған. Барлық кабинеттер проектілік экранмен жабдықталған.

Мектепке 500 оқушы, шағын орталыққа 100 оқушы қабылданбақ.

Айта кетейік, жоба құны - 1 255,609 млн. теңге.

Сондай-ақ, облыс әкімі осы жаңа шағын ауданға биылдан бастап жол салынатынын, бір жылда бітпесе де жұмысты сапалы атқаратын мердігер іздейтіндері жайлы айтты.

Құрылысты жүргізген мердігер компанияның басшысы Сергей Потиченко жаңа мектептің директорына символикалық кілтті салтанатпен табыстады.

Алты блоктан тұратын мектеп ғимаратында 56 кабинет бар. Бастауыш сыныптар мен пәндік кабинеттерден бөлек химия, биология, физика лабораториялары, төрт мультимедиялық және алғашқы әскери дайындық кабинеті дайындалған. Жиырма бес оқырманға арналған оқу залы бар кітапхана, 2 шеберхана, 2 спорт зал, 200 орындық акт залы мен 130 орындық асханасы бар. Жеті кабинет интерактивті тақтамен жабдықталса, мектеп радиосы үшін де бөлме арналған. Одан бөлек психолог, логопед және медқызметкерге де арнайы кабинеттер қарастырылған. Мектепте өнерлі балаларға арналған «Шабыт» орталығы да жұмыс жасамақ.

Мектеп 500 баланы қабылдап, 25 сынып ашылмақ. Сондай-ақ, мектеп жанынан 100 балаға шағын орталық жұмыс жасайтын болады.

Фото: Александр Куприенко

Оставить комментарий

Связанные Статьи