3 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауып, тұман түседі, желдің күшеюі ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел күші — 15-23 м/с.
Атырау облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының Мұғаджар ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, күндіз желдің екпіні — 23-28 м/с.
Алматы, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде — тұман, күндіз жел тұрады, жылдамдығы — 15-22 м/с.
Оставить комментарий