Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстан территориясының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізіп, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек батыс және оңтүстікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысында кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Жамбыл облысында кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қостанай, түнде және таңертең Атырау облыстарында кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Алматы облысында түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.