Қостанай облысының Қарабалық ауданында әскери қызметкер құдықтан шақалақтың денесі тапты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 3 сәуірде Қарабалық ауданының Кеңарал ауылында болған.
«Кеше сағат 19:00-дер шамасында шекара қызметкері құдықтан су алмақ болғанда шақалақты көрген. Ол бастапқыда қуыршақ деп ойлаған. Кейін анықталғандай, бұл нәрестенің денесі болып шықты. Оқиға орнына жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкелері келді», - деді Р.Уәжитов агенттік тілшісіне. Облыстық ІІД бұл факті бойынша мәлімдеме жасаған жоқ.