Депутаттар Батыс Қазақстан облысындағы құс фабрикасына барды

/uploads/thumbnail/20180404171555209_small.jpg

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Сапархан Омаров, Бахытбек Смағұл және Аманжан Жамалов Батыс Қазақстан облысында болып, өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі – «Жайық ет» жауапкершілік серіктестігіның жұмыс барысымен танысты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қуаттылығы жылына 7000 тонна бройлер тауық етін өндіретін жоба 2017 жылдың 6 желтоқсанда теле көпір арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзімен ашылған болатын. Қазіргі таңда жоба 100% жұмыс істеуде.

Жобаның құны 3,5 млрд. теңге. Жоба аясында 185 жаңа жұмыс орны ашылды. Зеленов ауданының Щапово ауылында мал бордақылау алаңдары, ал мал сою пункті Орал қаласының Деркөл кенті аумағында орналасқан. Ет өндеуші кешеннің жұмысы,  жұмысшыларының тәжірибелігін арттырумен  жаңа үлгідегі заманауи  жабдықтарды пайдаланып шығарылатын өнімнің сапасына, сату көлеміннің арттыруына бағытталған. Өндірілген өнімді Батыс Қазақстан облысына, Актөбе, Атырау облыстарына жеткізеді.

Кездесу барысында Мәжіліс депуттаттары өндірістік ғимаратты, өнім орындарының жұмысымен танысты.

-Тауық етінің импортын азайтып, ішкі нарықта отандық өнімді көбейту керек. Сонда тұтынушы сапалы өніммен қамтылып, өндірушінің де ісі алға басады, - деді Мәжіліс депутаты Сапархан Омаров.

Связанные Статьи