Мұхамедиұлы мен Мырзахметовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

/uploads/thumbnail/20180407135244474_small.jpg

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында туризмді дамыту мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

2018 жылдың 7-ші сәуірінде Жамбыл облысы аумағында орналасқан «Ежелгі Тараз ескерткіштері»  қорық-музейінің қарамағындағы «Ақыртас» сарай кешенінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдаудың іске асыру аясындағы туризмді дамыту мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтіп жатыр. 

Баспасөз конференциясының мақсаты – еліміздегі тарихи, мәдени ескерткіштерді археологиялық ғылыми зертеу, туризмді дамыту бойынша іс-шаралардың кешені жөнінде БАҚ пен қоғамды ақпараттандыру.

Баспасөз конференциясына ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы және Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов басшылық етті, сондай-ақ жиынға «Kazakh Tourism ҰҚ» АҚ төрағасының орынбасары Т. Дүйсенғалиев, «Қазақстан темір жолы»  Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымының өкілі, ғалымдар, республикалық және жергілікті БАҚ өкідері қатысты.

Жиын барысында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне және Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар киелі жерлерінің тізіміне енген «Ақыртас» кешенін және осы өңірдегі өзге де тарихи-мәдени мұра нысандарын туристік орталыққа айналдыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи