Елорда әкімдігі газдандыру, лифт шаруашылығы, көлік тұрақтары аумақтары мен көлік жүйесін дамыту жобаларын жүзеге асыратын жұмыс топтарын құрды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметне сілтеме жасай отырып.
Астана әкімі елорданың бірқатар нысанын аралады. Жұмыс барысында ол оқу-жаттығулар өткен «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығындағы өрт қауіпсіздігімен қамту шараларымен танысып,"Көктал 1" тұрғын үй алабында орналасқан құрылыс базарын ретке келтіруді тапсырды.
Әр бағыт бойынша нақты шаралар жоспары әзірленді. Жоспарда ҚР экологиялық заңына өзгерістерді енгізу бойынша ұсыныстарды дайындау, өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша жедел әрекет ету, белгіленбеген жерлердегі қоқыс үйінділерін жою шараларын жүргізу қарастарылған.
Бұдан бөлек, қала жетекшілігі газдандыру, лифт шаруашылығы, көлік тұрақтары аумақтары мен көлік жүйесін дамыту жобаларын, сондай-ақ, көне және апатты үйлерге қатысты жобаларды жүзеге асыратын жұмыс топтарын құрды.
Айта кетейік, елорданы одан әрі дамыту тақырыбындағы кеңес барысында Мемлекет басшысы қаланы абаттандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берген-ді.
Оставить комментарий