Ауғанстанда қанды қырғын: 80-ге жуық адам оққа ұшты

/uploads/thumbnail/20180407182248171_small.jpg

Дүйсенбі күні Ауғанстанда қанды оқиға орын алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі golosislama.com сайтына сілтеме жасай отырып.

Құндыз айлағында дені балалардан тұратын 200-ге жуық адам жиналған болатын. Жасөспірімдер мен балалар Құранды жаттап, соған байланысты меркелік шараға аттанбақ болған.

Куәгерлердің айтуынша, кенеттен медресеге әскери тікұшақпен келген адамдар оқ жаудыра бастаған. Шабуылдың нәтижесінде 80ге жуық адам оққа ұшыпты, оның көпшілігі кішкентай балалар екен. Сонымен қатар тағы да бірнеше адам ауыр жарақаттанып, жергілікті ауруханаға жеткізілген.

Деректерде көрсетілгендей, шабуылды АҚШ-тың қолдауымен Ауғанстанның әскери әуе күштері жасаған. Ауғанстан ВВС басшылығының мәлімдеуінше, шабуыл жасаушылардың негізгі нысаны – «Талибан» террористік тобы болған. Айтуынша, «Талибан» содырлары мерекелік шара қарсаңында Құндыз айлағында болған екен.

Әлеуметтік желілерде сол күні қаза тапқан Құран-Хафиз балалардың суреттері көптеп таралып кеткен.

Қанды қырғынның салдарынан екі баласынан айырылған ана: «Менің екі ұлым да Құранды жатқа оқып еді, кейін марапаттау күні мен чалма байлау рәсімін күтіп жүрген едік. Сол күні олар екі бума гүл алып келіп, мерекелік шарадан келгеннен соң тағамыз деп жүрген. Гүлдерді қолыма алып, оларды күтіп отырдым. Балаларым кешігіп кетті. Кенеттен адамдар шулап, айқайлай бастады. Олардың дауыстары бүкіл ауданды алып кетті. Бір кезде екі баламның мәйітін көтеріп, әкесі келді де: «Біздің балаларымыз Құранды жаттап алды да, жан тәсілім етті...» - деді», - деп болған оқиғаны айтып берді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи