Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171227092050462_small.jpg

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометтің мәліметіне сүйеніп.

Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, жел, шаңды дауыл болады, түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.  

Алматы облысының кей жерінде найзағай, бұршақ түсуі мүмкін, жел күшейеді. 

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, тұман, көктайғақ болады. 

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі.

Маңғыстау облысында тұман, Атырау облысында желдің күшеюі болжанып отыр. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи