Алматыдағы №62 балабақшада «Балапан» байқауы өтті

/uploads/thumbnail/20180409132359213_small.jpg

Алматы қаласы, Әуезов ауданына қарасты №62 балабақшасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық «Балапан» байқауы өтті. Байқауға ереже бойынша мектеп жасына дейінгі кіші жас-3 жастан 4 жасқа дейінгі балалар 5-7 минут, одан кейін орта жас-4 жастан 5 жасқа дейінгі балалар 10-15 минут, үшіншісі мектепке дейінгі естияр жас-5 жастан 6(7) жасқа дейінгі балалар 15-20 минут өз өнерлерін көрсетуі тиіс.

Алматы

«Балапан» байқауының ашылу салтанатында №62 балабақша меңгерушісі Қиялбекова Гүлназым Құлахметқызы:

– Аталған байқауды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында кеңінен насихаттап, мәдени-рухани құндылықтарға бетбұрыс жасау. Сонымен қатар, осы байқау арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ортасын дамыта отырып, рухани құндылықтармен жақындастыра түсіру болып табылады,-деді өз сөзінде. Сонымен қатар Гүлназым ханым барлық сайысқа түсушілерге сәттілік тіледі.

Алматы

Бүлдіршіндер байқауында алғаш болып №1 мектепке дейінгі даярлық «Сұңқар» тобының балалары Оңғарбек Димаш, Айдархан Мади, Сырлы Данай, Зұлқарнайұлы Диас, Біржанқызы Аружан «Алаш ұлдары» өлеңіне би билеп, көрермен көзайымына айналды. №2 «Бәйшешек» тобының балалары Сарыбасова Айзере, Кенжетайұлы Аслан, Нұрғали Алихан, Исхан Мадияр, НұрдиллаҰлжан, Ерланқызы Асылайым «Смуглянкаға» биледі. №1 «Күншуақ» тобының балалары Қанағат Жанайым, Бақытбекұлы Мирас тарихи мазмұнға бай көрініс қойса, №3 «Қарлығаш» тобының балалары Нұрлан Айару, Дәлетбек Әділет «Мы эхо» музыкасына вальс билеп, өз өнерлерін көрсетті.

Алматы

«Балапан» байқауының жеңімпазын анықтау Әуезов ауданына қарасты №34 балабақшаның меңгерушісі  Мустапаева Гульдан Тулегенқызына, №54 балабақша меңгерушісі Первых Ольга Васильевна және Әуезов ауданының балабақшадағы музыка жетекшілерінің  әдіскері Даулетиярова Құралай Майлыбайқызына міндеттелген. Жеңіспаз сәрсенбі күні анықталады. Алдымен қазылар алқасы Әуезов ауданына қарасты 42 балабақша бүлдіршіндерінің өнерін тамашалап, қорытынды нәтижесін шығаруы тиіс. Соның ішінен топ жарып шыққан үздігі қалалық байқауға жолдама алады. 

Алматы

Алматы

Оставить комментарий

Связанные Статьи