ШҚО-да ұзындығы екі шақырымдық шұңқыр пайда болды

/uploads/thumbnail/20180416082802559_small.jpg

Қатонқарағай ауданының Солоновка ауылдық округіне қарасты Көкөзек учаскесінде екі шақырымға созылған геологиялық жарық тәріздес жыра пайда болды. Оған көктемде еріген қарғын су себеп болған екен. Бұл туралы жергілікті Altaynews.kz порталы хабарлады. 

ШҚО

Жыраның тереңдігі 5-6 метр, ені 4-5 метрге жетеді. Бұл жер осыдан бір ай бұрын ғана «Жас қанат» шаруа қожалығының қыстауларын бір-бірімен жалғап тұрған орын еді. Егістікке қарай жайылып, тоқтаусыз аққан су жолды жыраға айналдырып жіберген.

ШҚО

Қазіргі уақытта аталған шаруашылықтың басшылығы жыраны топырақпен толтырып, жолды қайта қалпына келтіруге тырысып бағуда.

ШҚО

Связанные Статьи