Бүгін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту жүйесін және көші-қон процестерін реттеуді жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Оставить комментарий