Ресейде Telegram мессенджері бұғаттала бастады

/uploads/thumbnail/20180416163411337_small.png

Ресейде сот шешімімен Telegram мессенджері бұғаттала бастады. Бұл туралы Роскомнадзор хабарлады.

14 сәуірде Мәскеу соты Telegram мессенджерін дереу бұғаттау туралы қаулы шығарған. Месенджер Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) қолданушылардың хат-хабарын шифрлау кілтін беруден бас тартқан. Сол себепті сот Telegram-ды бұғаттау туралы шешім қабылдаған. Роскомнадзор сол күні-ақ мессенджерді Ресей аумағында тыйым салынған сайттар реестріне тіркеді.

Telegram-ның негізін салушы Павел Дуров мессенджер тосқауылды VPN көмегімен айналып өтетінін мәлімдеген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи