Тұрақты және уақытша тіркеуге тұрмаған адамдарға санкциялар күшейтілді

/uploads/thumbnail/20180416160009912_small.jpg

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов көші-қонда бақылаудың күшейтілгенін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі

"2017 жылы қаңтарда күшіне енген заңнамалық өзгертулер көші-қонды бақылауды күшейтуге жол ашты. Бұл тіркеу есебін ретке келтіру арқылы жүзеге асуда. Азаматтар өздері тұратын жерге 10 күннің ішінде тіркелуі қажет. Тұрақты және уақытша тіркеуден бастартқан адамдарға да қатысты санкциялар күшейтілді. Бұрын айыппұл санкциясы үш ай тіркеуге тұрмағаны үшін салынса, қазір ол бір айға дейін қысқарды", - деді Министр.

Оның айтуынша, уақытша тұратын жерге тіркелу мәселесі реттелген.

Бүгінде Қазақстанда заңнамалық өзгерістерден кейін уақытша тіркеуге тұрғандардың саны 14 есеге өсті.

Министр заңсыз миграцияға қарсы күрес Астана, Алматы және басқа да үлкен қалаларда бір маңызды мәселені шешуге жол ашқанын айтып өтті. Бұл бір пәтерге көптеген адамды тіркеу мәселесі.

"Біз жыл сайын бір үйге кемінде ондаған мигранттың жалған тіркелуін анықтап, шара қабылдаймыз. Заңнаманың күшеюі соңғы уақытта мұндай фактілерді азайтуға көмектесті. Сондай-ақ, тіркеу тәртібін жеңілдеттік",  - деді министр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи