Ет пен көлік түріндегі пара: Экс-министрдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

/uploads/thumbnail/20180416193451518_small.jpg

Астанада ҚР инвестиция және даму экс-министрі Базарбай Нұрабаевтың ісіне байланысты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының мәліметіне сүйеніп.

Бұл істі қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сот төрағасы Асхат Әшірбеков қарап жатыр. Сотталушылардың саны 12, олардың ішінде 2017 жылы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған Базарбай Нұрабаев та бар.

Сотта айтылған істің материалдарына сәйкес, Базарбай Нұрабаев 2016 жылдың сәуірінен бастап 2017 жылдың наурыз айына дейін мемлекеттік қызмет мен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы бірқатар ауыр және ерекше ауыр қылмыстар жасаған.

«Халықтың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысында 22 мұнай ұңғымасын жою мақсатында Комитет мемлекеттік сатып алулар өткізген. 2014 жылдың 20 наурызындағы мемлекеттік сатып алулардың нәтижесінде «Геоэкологиялық және жер қойнауын пайдалану» өңіраралық департаменті «Ақтөбе ғылыми-зерттеу және мұнай-барлау институты» ЖШС-мен екі шартқа қол қойған. Осы мақсаттар үшін мемлекет 441 миллион теңге қаржы бөлген. Бірінші тендер 235 млн теңге қаржыландыру көлемін құрайтын 11 ұңғыманы жоюды қарастырады. Мемлекеттік сатып алудың екінші тендері 206 млн теңгеге 20 ұңғыманы жоюды көздейді. 2016 жылдың басында «Ақпан» ЖСШ-нің негізін қалаушы Азамат Душекенов Ақтөбеде Назарбаевпен кездесіп, конкурстарда өз компаниясының мүддесін лоббильдеуді сұраған», - деп Мадияр Есжанов айыптау актісін оқыды.

Прокурордың айтуынша, Комитеттің экс-басшысы сотталушы Базарбай Нұрабаев қылмыстық ниетте болып, оған көмекке жүгінгендерге көмектескен.

«Нұрабаев Астанада өзінің орынбасары Құрбановқа тендер құжаттарына өзгерістер енгізу туралы заңсыз бұйрықтар берген – бұрғылау қондырғыларын мемлекеттік сатып алу туралы заңға қайшы келетін талаптарға сәйкес алдыру. Әлеуетті жеткізушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуына шектеулер қойылып, негізсіз қиындатқан. Геология Комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүрген Құрбанов Нұрабаевтың бұл іс-әрекеттері заңсыз екенін біле тұра қоластындағы қызметкерлерге құжаттарды ауыстырып қоюды бұйырған. 2016 жылдың наурыз айында «Ақпан» ЖШС-ні жеңімпаз атанды. Сәуір айында Нұрабаевтың сенімді өкілі Молдағали Абдрашев Душекенов пен Нұржаубайға пара беріп, пара алуға ұсыныс жасаған. Нұржаубайдың Ақтөбеде баспанасы жоқ екенін біле тұра, «Ақпан» ЖШС-нің қамқорлығымен ол Душекеновты Ақтөбе қаласында жыл сайын 1,2 млн теңгеге пәтерді жалға алу құны ретінде анықтады», - деп мәлімдеді мемлекеттік айыптаушы.

«Нұрабаев Базарбай ҚР Қылмыстық кодексінің 361 бабы 3 тармағына сәйкес «Қызметін асыра пайдаланып» қылмыстық іс-әрекет жасады. Құрбановтың үстінен ҚР ҚК 361 бабы 2-тармағына сәйкес, ал Абдрашовтың үстінен ҚР ҚК 366 бабы 2-тармағы және 28 баптың 4,5-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - деп атап өтті Мадияр Есжанов.

Қылмыстық істің материалдарында көрсетілгендей, Базарбай Нұрабаев жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт жасасқан кәсіпкерлерден пара алды деп айыпталуда. 2014 жылдың қазан айында «Жарық Әлем Инвест» ЖШС-нең негізін қалаушылар Бақберген Сұранов, Ержан Болысбеков және Алипаша Исаев ОҚО-да темір кендері мен басқа да пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу туралы шешім қабылданды.

«2016 жылы сәуір айының соңында сотталушы Сұранов өзінің серіктестерімен «Жарық Әлем Инвест» ЖШС-не жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін Абдрашевқа серіктес болуға өтініш білдірген. Абдрашев «Жарық Әлем Инвест» ЖШС негізін қалаушыларының бұл ойы туралы Нұрабаевқа хабарлаған. Ал Нұрабаев болса бұл жағдайды өзінің пайдасына асыруға тырысқан. Сонымен қатар, Нұрабаев жауапты мемлекеттік қызметкер бола тұра пара алды деген атқа ілікпес үшін, өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және «Жарық Әлем Инвест» ЖШС-нің өкілдермен тілдеспеу үшін Абдрашевты өзінің серіктесі ретінде көрсеткен», - делінген айптаушы актіде.

«Параның бастапқы сомасы 250 мың АҚШ долларын құрағкан, ол «Жарық Әлем Инвест» ЖШС-ні Ірісу кенін барлау мен өндіруге жерді пайдалану құқығын алу кезінде қамқорлығына алғаны үшін берілген. Сонымен қатар, Ірісу аймағында жұмыс істеу үшін келісімшарт жасауға тағы 10 мың доллар берген. Сол уақытта Абдрашев Нұрабаевтың өзіне білдірген сенімін пайдалан отырып, параның орнына Lexus маркалы автокөлігін беруді қалған. Нұрабаев пен Абдрашевтың өзара қылмыстық келісімдеріне сәйкес, ол көлікті Абдрашев отбасын беруі қажет екен, ал Нұрабаевқа көлік сомасының жартысын, яғни 10 мың доллар көлемінде қаржы беруі тиіс еді. Көлік түрінде пара алған Абдрашев Нұрабаевпен бірге қылмыстық істерді атқарып жүріп, Сұрановқа «Жарық Әлем Инвест» ЖШС-не Ірісу аймағында жұмыстар жүргізуге өтініш беру қажеттігін айтқан», - деп атап өтті прокурор.

Мемлекеттік айыптауға сәйкес, Нұрабаев Абдрашев арқылы «Жарық Әлем Инвест» ЖШС-нің етпен қамтамасыз ету өкілдерін тағайындаған.

«Сұранов осы жағдайларды өзінің әріптестеріне жеткізген. Ол Жамбыл облысындағы мал базарынан құны 300 мың теңге болатын жылқы сатып алған. Ол жылқы Астанаға пойызбен жеткізілген. Оны Нұрабаевтың баласының үйіне алып келген. 2016 жылы желтоқсанын айының басында жоғарыда аталған жағдайларға сәйкес, Нұрабаев Абдрашев және «Жарық Әлем Инвест» ЖШС  өкілдері арқылы сиыр етін жеткізу туралы хабарлаған. Сұранов дәл сол мал базарынан 150 мыңға сиыр алып, оны жоғарыдағыдай Нұрабаевқа жеткізген», - деп мәлімдеді прокурор Мадияр Есжанов.

«2017 жылы ақпан айының басында «Жарық Әлем Инвест» ЖШС өкілдері пара ретінде  Audi Q7 маркалы автокөлігі мен 2 миллион теңге ұсынған. Жалпы алғанда, Исаев өзінің серіктестері Сұранов және Болысбековпен бірге Нұрабаевтың өзіне Абдрашов пен Мутанның қатысуымен пара берген. Ал Абдрагов пен Мутан жалпы сомасы 25 миллион 829 мың 195 теңге көлемінде қаржылай пара алған, бұл өте қомақты сома болып табылады. Осылай Нұрабаев Базарбай Қанайұлы ҚР ҚК 366 бабы 4 бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған», - деді прокурор.

Аталмыш қылмыстық іс бойынша сот ісі жалғасуда, ал ҚР Инвестиция және даму экс-министрі қазір қамауда.

Оставить комментарий

Связанные Статьи