Тараз қаласындағы бұрынғы мал базар аумағы тұрғындары үшін көптен күткен көпір салынды. Мұнда 900-ден астам үй бар болса, елді-мекенді қақ жарып Талас өзені ағады. Бұған дейін екі араны тек кішкентай қылкөпірлер жалғап келген. Одан көлік тұрмақ адам өтуге қауіпті болатын. Тұрғындар іргедегі базарға да айналып баруға мәжбүр болатын. Бүгінгі таңда бұл аумақта орталық базарға тікелей қатынайтын жол салынуда.
Құрылыс құны 71 млн тг. Көпірдің жан-жағы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін темір торлармен қоршалған. Канал арнасы аршылып, таза су келе бастады. Енді мұндағы 19-шы автобус ауыл ішіне қатынап,Сеңкібай көшесінің аяғымен сауда орталығына тіке барады. Жол да салынып, бастысы тұрғындар 4-5 шақырымды және уақытын үнемдейтін болады. Тұрғындардың жеті жылдан бері қала әкімінің есептерінде көтерілген мәселенің шешімін тапқанына тұрғындар риза.
Оставить комментарий