Көкшетауда кәмелет жасқа толмаған қызды зорлап кетті

/uploads/thumbnail/20180419174115326_small.jpg

Полиция тергеу мүддесіне байланысты қылмысқа қатысты толық ақпарат берген жоқ. Көкшетауда кәмелетке толмаған оқушы қыз сексуальдық зорлық-зомбылыққа ұшырады, полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.  

"ҚК 121-бабы 3-бөлігі (кәмелеттік жасқа толмағанға сексуальдық сипатта күш көрсету) бойынша сотқа дейінгі өндіріс тіркелді. Күдікті адам анықталды", — деп хабарлады полиция.

Қылмыстық қудалау органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.  

ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды, деп атап өтті полициядағылар.

Оставить комментарий

Связанные Статьи