Бүгін Youtube желісінде «Кенжехан-2» базарына бомба қойылды» деген атаумен видео жарияланды. Онда аталмыш базарда полицейлердің топ-тобымен жүргенін байқауға болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық ІІД берген мәліметіне сәйкес, базарда жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Осыдан кейін «Кенжехан-2» базары қоршауға алынып, адамдар базардан шығарылған. Алайда тексеру жұмыстарынан кейін хабарлама жалған екені анықталған.
Оставить комментарий