Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20170825081215142_small.jpg

Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстанға жылжып келе жатқан антициклонға байланысты республиканың басым аймақтарында жауын-шашынның тоқталуы мен ауа температурасының көтерілуі мүмкін. 21 сәуірге қарай, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндізгі температура 18-23 градусқа дейін, шеткі оңтүстікте 25-28 дейін, шығыста және орталықта 13-21 дейін көтеріліп, солтүстікте 10-18 дейін жылынады.

Тек республиканың батыс облыстарында кезекті суық фронттың өтуіне байланысты жаңбыр және сулы қар түріндегі жауын-шашын, температураның төмендеуі күтілуде. Төмендеуіне қарамастан, алдағы үш күнде батыс аймақтарда температура орта көпжылдық мәнге жуық болады.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи