Қазақстандық әйел Рига қаласындағы қонақ үйде өлі күйінде табылды. Бұл туралы Латвия мемлекеттің полициясы хабарлады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйелдің денесі 8 сәуірде қонақ үй нөмірлерінің бірінде табылған. Сарапшылар әйелдің денесінде қылқындырған іздердің барын анықтаған. Күдікті ретінде әйелмен бір нөмірде тұрған ер адам ұсталды. Полиция ер адамды әуежайдан тауып, ұстап алған. Қазір ол тергеу абақтысында. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Латвия заңы бойынша, бұл қылмыс үшін күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы немесе 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Қазақстан СІМ әйелдің қазақстандық екенін, бұған дейін Қарағандыда тұрғанын мәлімдеді.
Оставить комментарий