Алматы әкімі өрткенген көппәтерлі үйді тез арада қалпына келтіруді тапсырды

/uploads/thumbnail/20180420151815670_small.jpg
Алматы әкімі «Көкжиектегі» көппәтерлі үйді барынша қысқа мерзімде қалпына келтіруді тапсырды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың барлық тиісті қызметтеріне «Көкжитектегі» көппәтерлі үйді өрттен кейін барынша қысқа мерзімде қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді,сонымен қатар тұрғындарды уақытша орналастыруға және олардың мүліктерінің сақталуын қамтамасыз етуге көмектесуді тапсырды.

Қаланың құтқару қызметінің және Жетісу ауданы әкімдігінің күшімен №177 мектепте штаб құрылып, мұнда ұйықтайтын орындар және тамақпен қамтамасыз ету ұйымдпастырылған.

Қазіргі кезде үйдегі электроэнергия, газ және басқа коммуникациялар ажыратылған. Полиция үйді қоршауға алған.

Ертеңнен бастап өрт шығынының көлемін анықтайтын комиссия тексеруді бастайды. Өрттің не себепті болғанын анықтайтын тиісті өрт- техникалық сараптама нәтижесінен соң ғана үй қалпына келтірілуі мүмкін.

Алматыда «Көкжиек» ықшам­ау­данында орналасқан көпқабат­ты үй өртеніп, 300 адам эвакуа­цияланды. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар де­партаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қалалық Төтенше жағдай департаментінің ақпаратына қара­ғанда, 5 сәуір күні сағат 16.03-те «Көкжиек» ықшамауданындағы №32 үйде орналасқан пәтердің балко­нынан өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру­шілер барып, көпқабатты үйдегі өртті сөндіруге кіріскен.

– 16.03-те Алматы ТЖД-ның 101 пультіне Жетісу ауданы, «Көкжиек», 32-үй мекен-жайында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндіруші­лер оқиға орнына жеткенде белгілі болғандай, «Көкжиек» шағынау­данын­дағы №32 үйдің 3 балконы отқа оранған. Адамдар қауіпсіз жерге көші­рілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 16.11-де жетті. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшесі үйдің 1  мен 5-қабат аралы­ғындағы бет жағы өртеніп жатқанын анықтады. Өрттің алдын алу аумағы 1000 шар­шы метр. Үйдің төбесін түгелдей өрт шалған», – деді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Оның айтуынша, 5 қабатты үйдің балконынан тұтанған өрт үйдің шатырын, мансардын түгел шар­пып үлгерген. Оқиға орнында штаб, екі өрт сөндіру учаскесі құрылды. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 82 өрт сөн­діруші, 25 техника жұмыл­ды­рылды. Өртенген үйден 300 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Абырой болғанда, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен, күт­пеген жерден болған тілсіз жаудың кесірінен материал­дық шығынға ұшыраған пәтер тұрғындары не істерлерін білмей абдырап қалды. Десек те, олар «көп түкірсе, көл» демек­ші, халық­тан көмек күтіп отыр. Бұл ретте Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тиісті органдарға «Көкжиекте» өртенген үйді жылдам қалыпқа келтіруді тапсырды. Соны­мен қатар, қала әкімі зардап шеккен­дердің дүние-мүліктерінің қолды бол­мауын қадағалау керектігін жет­кізді.

Қазіргі таңда тұрғын үйдегі электр қуаты, газ және тағы да басқа жүйе­лер сөн­дірілген. Жетісу әкімдігі мен қала құтқару қызметінің күшімен №177 мектепте штаб құрылып, зар­дап шеккендерге арналған жатын орындар әзірленген. Өрт мас­штабын анықтайтын комиссиялық тексеріс баста­ла­тын болады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи