Жамбыл облысында 17 жолаушы мінген автобус аударылды

/uploads/thumbnail/20180421173841110_small.jpg

Жамбыл облысындағы Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолының бойында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 7.40-та болған.  Қордай ауданы Соған ауылының маңында ішінде 17 жолаушысы бар «Mersedec Sprinter»  шағын автобусы аударылды.

— Салдарынан екі адам мерт болды. Жараланған жолаушылар Қордай ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаны себеп-салдары тексеріліп, бірқатар сараптамалық жұмыстар жасалып жатыр, - делінген баспасөз хабарламасында.

Связанные Статьи