Қордай ауданында жеке тұрғын үй құрылысына жер алуға 12645 адам кезекте тұр

/uploads/thumbnail/20180422180850463_small.jpg

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қордай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы, 2018 жылға қойылған міндеттері туралы» баспасөз конференция өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Жиынға Қордай ауданының әкімі Байтөле Болатбек Байқонысұлы қатысып, тақырып аясында баяндама жасады.

Спикердің сөзіне сүйенсек, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңыздағы автожолдардың үлесі 2017 жылдың қорытындысымен 83,3 пайызды құрайды, 2018 жылға бұл көрсеткіш 84 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.

«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша облыстық және аудандық бюджеттен 430590 мың теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде: ұзындығы 14,2 шақырым болатын 7 нысан бойынша автожолға орташа жөндеуге- 222030 мың теңге, ұзындығы 95,9 шақырым болатын 17 нысан бойынша автожолға ағымды жөндеу жұмыстарына-155523 мың теңге, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарына-53037 мың теңге.

Бүгінгі таңда ауданда орташа жөндеу жұмыстарды жүргізуге 1442813 мың теңгеге 5 нысанға жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, облыстық құрылыс және автомобиль жолдары басқармасына тапсырылды.

2018 жылға аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендердің көшелерінің жолдарын орташа жөндеуіне барлығы 197247 мың теңге.

Сонымен қатар, ауылдық округ бюджет есебінен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 17 ауылдық округ бойынша ауылдың ішіндегі, ұзындығы 5,7 шақырым құрайтын 10 көшелерді орташа жөндеуге 54000 мың теңге, ұзындығы 31,4 шақырым құрайтын 21 көшелерді ағымды жөндеуге 61900 мың теңге және өз бюджет есебінен 4 елді мекеннің көшелерін орташа жөндеуге 121709 мың теңге және жолдарды кұтіп ұстауға 11329 мың теңге жоспарлған,оның ішінде Қордай ауылы бойынша Домалақ ана көшені орташа жөндеу жүмыстарына 103000 мың теңге және Домалақ ана көшесі бойында орналасқан тратуарлады жөндеуге 35216 мың теңге қарастырылды.

2017 жылы пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 56,5 мың шаршы метрді, нақты көлем индексі 148,1 пайыз құрады (01.12.2016 жылға 26,1 мың шаршы метр немесе 111,8%).

Қазіргі таңда Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде 1206 азамат кезекте тұр.

Бүгінгі күнге, бір 50 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді.

Бір 50 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй салуға 472,8 млн. теңге қажет, сонымен қатар қосымша үш 50 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй құрылысына әзірленген үш жобалық сметалық құжаттамаға 9,9 млн. тг. және құрылысына 1958,4 млн. тг. қажет етеді.

Қордай ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер алуға 2006 жылдан бері 12645 адам кезекте тұр.

Қордай ауылындағы кезекте тұрған 6748 адамға жер учаскелерін беру үшін 2012 жылы бас жоспары әзірленіп, қосымша 1465 га жер телімі жаңа тұрғын алқаптарына бөлінген.

Бүгінгі күнге 615 га жерде орналасқан «Шығыс» және «Солтүстік» ықшам ауданында 2776 учаскеге электр жүйелері құрылысы жүргізілген. 2017 жылдан бастап осы

алқапқа облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа жол құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде 2017 жылы Қордай ауылы бойынша 2006 жылдан бері кезекте тұрған адамдарға жер учаскелері беріле басталды,- деп сөзін қорытындылады аудан әкімі.

Связанные Статьи